Accessibility links

ЕҚЫҰ төрағасы Карел Де Гухт Бішкекке келді


Бүгін ЕҚЫҰ-ның төрағалығындағы Бельгия сыртқы істер министрі Карел Де Гухт, Орта Азиядағы сапарын жалғастырып, Қырғызстанға келді. Ол Бішкекте ресми ел жетекшілерімен, азаматтық қоғам ұйым өкілдерімен кездеспек. Дүйсенбі күні Де Гухт Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, Орта Азия елдері ішінде Қазақстанның 2009 жылы ЕҚЫҰ-на төрағалық етуге жақсы мүмкіндігі бар, тек болатын негізгі саяси реформаларға кепілдік болуы керек деген. ЕҚЫҰ төрағасы сәрсенбі күні Тәжікстанға, одан кейін Ауғаныстанға барады.
XS
SM
MD
LG