Accessibility links

Иран ядролық бағдарламасы Берлин қаласында талқыланбақ


АҚШ-тың Біріккен Ұлттар Ұйымындағы елшісі Джон Болтон Қауіпсіздік Кеңесінің бес тұрақты мүшесі Иран ядролық бағдарламасы жайындағы мәлімдеменің жобасын мақұлдауға жақын қалды деп хабарлады. АҚШ, Ресей, Франция, Британия, Қытай және Германия сыртқы істер министрлері ертең Берлин қаласында кездеспек. Қауіпсіздік Кеңесінің бес тұрақты мүшесі Иран жайындағы мәлімдеменің жобасын осының қарсаңында мақұлдап алмақ. Батыс елдері Иран жайында қатаң мәлімдеме жасалсын, Иран уран байытуын тоқтатсын деген талап қойылса деп қалайды. Ресей мен Қытай Иранға қойылатын талаптар байыпты түрде жазылса, қорқыту мағнасында болмаса екен дейді.
XS
SM
MD
LG