Accessibility links

Беларус оппозиция лидері жауапқа тартылуы мүмкін


Беларус прокурорлары оппозиция лидері Александр Милинкевичті наразылық шараларын ұйымдастырғандығы үшін жауапқа тартпақшы. Беларус бас прокуроры Петр Миклашевич – 19-шы наурыздан кейін рұқсат етілмеген митингілерді ұйымдастырғандардың барлығы “әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке” тартылады деді. Ал тағы бір оппозиция лидері Александ Казулинге толқуларды ұйымдастырды деген айыптар тағылып отыр. Минскіде президент Александр Лукашенконың қайта сайланғанына байланысты наразылық шаралары өткен болатын. Сайлаудан кейін 500-ден астам адам қамауға алынды. Олардың арасында шетел азаматтары да бар. Оппозиция мен халықаралық бақылаушылардың айтуынша, сайлау әділ өтпеді, бірақ Беларус үкіметі онымен келіспейді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG