Accessibility links

Батыс елдері Палестинаны оқшауландыра бастады


Палестинада "Хамас" партиясы жасақтаған жаңа үкімет кеше қызметке кіріскен соң батыс елдері тарапынан оқшауландыру әрекеті өсе түсті. Канада Палестина әкімшілігіне беретін көмегімізді тоқтата тұрамыз деп жариялады. АҚШ үкіметі дипломаттары мен басқа ресми өкілдеріне Палестина министрлерімен ешқандай қарым-қатынас құрмаңыздар деп бұйрық берді. АҚШ президенті Джордж Буш Палестина халқына гуманитарлық көмек көрсетуді жоспарлап отырмыз, бірақ "Хамас" бастаған үкіметке қаржы көмегін бермейміз, "Хамас" Израиль мемлекетін жоюды мақсат тұтады деді.
XS
SM
MD
LG