АҚШ үкіметі Ирақта кепілдікте үш ай отырған америкалық журналист Джилл Керолдың азат етілуіне ризашылық танытты. "Кришен сайенс монитор" газетінің тілшісі, 28-жасар Джилл Керолл Ирақ көтерілісшілерінің қолында болғанымда олар маған жақсы қарады деп айтты, ол кеше азат етілді. АҚШ президенті Джордж Буш журналистің аман есен азат етілуіне өте ризамын, мәселеге еңбек сіңірген барлық адамдарға ризамын деді. АҚШ сыртқы істер министрлігі Джилл Керолдың қалай ұрланып кеткені тергеліп жатыр деді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық зерттеуі
Дубайдағы Қазақстан. 1-бөлім
-
Мәдениет алаңы
Ойлануға шақыратын қазақша үш фильм