Accessibility links

Беларус оппозициясының басшысы Еуропа Одағының басшыларымен кездеспек


Беларус оппозициясының басшысы Александр Милинкевич келесі аптада Еуропа Одағының басшыларымен кездеспек. Оның мақсаты - дауылы президенттік сайлаудан кейін президент Александр Лукашенкоға көбірек қысым жасату. Александр Милинкевич дүйсенбі күні Вена қаласында Еуропа Одағының кезекті төрағасы Австрияның канцлері Вольфганг Шюсселмен кездеспек. Бұдан соң ол Страсбург қаласына Еуропа парламентіне барады, одан кейін Люксембургке барып, Еуропа Одағы сыртқы істер министрлерінің жиналысына қатысады.
XS
SM
MD
LG