Accessibility links

Тұңғыш Бразилия астронавты Маркус Понтес ғарышта


Бейсенбі күні Қазақстандағы Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған, бортында алғашқы Бразилия астронавты бар «Союз» космос кемесі екі күннен кейін Халықаралық ғарыш станциясымен түйісті.

Халықарылық ғарыш станциясына ұшқан 13-ші экспедияның құрамында бразилиялық астронавт Маркус Понтес пен Ресей космонавты Павел Виноградов, американдық астронавт Джефри Уильямс бар.

Бразилияның ғарыш кеңістігіне қадам басқан алғашқы астронавты Маркус Понтес Халықаралық ғарыш станциясында бір апта болады екен. Міне осы мерзім өткен соң «Союз» космос кемесі ғарыш станциясындағы 12-ші экспедицияны жерге алып қайтады.

«Союз» кемесі Ғарыш станциясымен сенбі күні таңсәріде сәтті түйіскен. Келесі бір жарым сағаттай уақыт барлық нәрсе өз орнында ма, жабдықтың бәрі де дұрыс жұмыс істеп тұр ма дегендей тексеріс жағдайына кетті. Мұнан соң Ресей космонавты Валерий Токарев жаңадан келген халықаралық космонавтар отрядын құттықтап, қарсы алды. Алғашқы болып, ғарыш кемесінен өз елінің туын қолына ұстап шыққан Бразилияның тұңғыш астронавты Маркус Понтес еді. Міне, ғарыш көгінде ондағы косманавт, астронавтар мен олардың жаңадан барған әріптестерінің кездесу, қауышулары ерекше жылылық жағдайында жүзеге асты.

- Люкті ашамыз, - бұны айтқан Валерий Токарев.

- Сәлем бердік, мен – Маркуспын.

Бұдан әрі қарай Маркус Понтес пен Валерий Токаревтің қалай сәлемдесіп, қауышып жатқанын аңғаруға болады. Ал бразилиялық алғашқы астронавтың әріптестеріне арнаған алғашқы құттықтау сөздер мына төмендегідей болды:

- Сіздерге келіп тұрған тек қана үш елдің өкілдері емес, сіздерге ғарышқа бірге қадам басқан бүкіл әлемнен сәлем келіп тұр,- деді Маркус Понтес.

Мұнан әрі 1-сәуір күлкі мен қалжың күні екенін еске алып, Ресей жағының осы қызметті бақылау тобының жетекшісі Алексей Красновтың әзіл-шыны аралас құттықтауы естілді.

- 1-ші сәуірмен құттықтаймын. Барлығыңыз да мұнда кірдіңіздер ме, ешкім де сыртта қалған жоқ па, біз сенімді болу үшін тағы бір қайтара тексеріп алайық.

Бразилиялық астронавт Маркус Понтес ғарыштық оқу-жаттығулардан Америкада өткен және оның АҚШ-тың «Шаттл» кемесімен ғарышқа ұшуы жоспарланған болатын. Бірақ ол жоспар «Шаттл» кемесі апатқа ұшыраған соң, жүзеге аспай қалған-ды. Енді, міне ол Ресей кемесімен ғарыш әлеміне қадам басты. Бразиялия астронавты ғарыштан жерге сәуірдің 9-да Валерий Токаревпен және американдық астронавт Билл Макартурмен бірге қайтатын болады.

Ал онымен бірге барған ресейлік Павел Виноградов пен американдық Джеффри Уильямс алдағы жарты жыл бойына халықаралық ғарыш станциясында қалып, жұмыс істейтін болады. Алдағы шілде айында оларды алмастыратын космонавтардың қатарында алғашқы германиялық ғарышкер Томас Рейтер болады деп жоспарланған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG