Accessibility links

Йоанн ІІ-нші Павел – католик шіркеуі алдындағы миссиясын толық атқарып өтті


ВАТИКАН. Бүгін Рим Папасы 16-ншы Бенедикт Йоанн ІІ-нші Павелдің дүниеден өткеніне 1 жыл толуына байланысты оның аруағына бағыштап дұға оқыды. 16-ншы Бенедиктің атап көрсетуінше, Рим-католик шіркеуін 26 жыл басқарған Йоанн ІІ-нші Павел – католик діні мен шіркеуі алдындағы өзінің миссиясын демі біткенше атқарып өтті. Бұл сөздерін қазіргі Рим Папасы 16-ншы Бенедикт Әулие Петр алаңына жиналып, қолдарына ақ және ал қызыл жалаулар ұстаған 10-даған мың халықтың алдында айтты. Бүгін бүкіл әлемнің католиктері шіркеулерге жиналып, Йоанн ІІ-нгші Павелдің қайтыс болуының 1 жылдығына байланысты дұға оқуда.
XS
SM
MD
LG