Accessibility links

Чехия астанасы – Прага қаласында 2002-нші жылдың су тасқыны қайталанбайды


ПРАГА. Су тасқыны салдарынан Чехияның шығысындағы Оломоуц қаласының 1/5 бөлігін су басты. Бүгін түнде жағасынан тасып шыққан Морава өзенінің суы бөгетті шайып өтіп, қалаға құйылды. Оломоуцқа көмекке жіберілген жауынгерлер су бөгетінің бұзылған жерін жөндеді. Бірақ әлі 500-дей үй су астында қалды. Жаңбыр мен еріген қардың суы чехша Лабе, немісше Эльба өзенінің деңгейін көтеріп, Чехияның Усти-над-Лабем қаласына қатер төндіріп тұр. Мамандардың пікірінше, өзен суларының деңгейі дүйсенбіге қарай қайта түседі.
XS
SM
MD
LG