Accessibility links

Ресми Вашингтон мен Лондон Ирақ үкіметінің тез жасақталуына ерекше мән береді


БАҒДАД. Күтпеген жерден Бағдадқа ұшып келген АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райстың пікірінше, Ирақтың саяси қайраткерлері үшін ұлтты біріктіретін жаңа үкіметті жасақтайтын уақыттың келіп жеткені “айдан анық”. Британ сыртқы істер министрі Джек Стромен бірге Бағдадқа ұшып келе жатқан кезінде Райс ханым осылай деп мәлімдеді. Бүгін Райс пен Стро Бағдадта Ирақ президенті Жалал Талабанимен, премьер-министр Ибраһим Әл-Жаафаримен және Ирақтың өзге жетекшілерімен кездесті. К.Райстың атап көрсетуінше, екеуінің Бағдадқа күтпеген жерден келуі – жаңа үкіметті жасақтауға ресми Вашингтон мен Лондонның ерекше мән беріп отыруының белгісі. Ирақ лидерлерінің жаңа үкімет бойынша келіссөзі өзара келіссөзі 3 айға созылып, тығырыққа тірелген болатын.
XS
SM
MD
LG