Accessibility links

Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы Карел Де Гюхт Өзбекстан билігін “Әндіжан қантөгісі” туралы көбірек мәлімет беруге шақырды


Сонымен қатар Бельгия Сыртқы істер министрі Де Гюхт Өзбекстанда үкіметтік емес ұйымдарға қысым көрсетіліп жатқандығына байланысты алаңдаушылық білдірді. Де Гюхт мырза Өзбекстан президенті Ислам Каримовпен кездесті. Өзбекстан үкіметі азаматтық қоғамды күшейтіп, елде реформаларды жүзеге асыру керек, деді Де Гюхт. Сөйтіп ол Орта Азияға сапарын аяқтады. Өткен жылдың мамыр айында Өзбекстанның қауіпсіздік күштері наразылық танытушыларға қарсы оқ атқан болатын. Ресми Ташкент Әндіжан оқиғасында 187 адам қаза тапты дейді. Бірақ құқық қорғаушылардың айтуынша, “Әндіжан трагедиясында” мыңға жуық бейкүнә адам құрбан болған.
XS
SM
MD
LG