АҚШ мемлекеттік хатшысы мен Британия Сыртқы істер министрі күтпеген жағдайда Бағдадқа келіп, Ирақ жетекшілерін тез арада жаңа үкімет құруға шақырды. Кондолиза Райс пен Джэк Строу Ирақ президенті Жалал Талабанимен, премьер-министр Ибрахим Әл-Жафари және тағы басқа ресми өкілдермен кездесті. Ал Си-Эн-Эн-ге берген сұхбатында Ирақ Сыртқы істер министрі Хошияр Зебари егер жақын арада ұлттық үкімет құрылмаса, онда елде зорлық-зомбылық әрекеттері одан сайын көбейеді деді. Соңғы кездері Ирақта сектанттық негіздегі қақтығыстар орын алуда. Бакуба қаласында қарулы адамдар шииттердің мешітін қиратқан. Ал Бағдадта 40 адамның мәйіттері табылған.