Accessibility links

Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Кондолеза Райс Ирақ өкіметін тезірек құруға бүгін шақырды


“Бұл – Ирақ халқы сенім артып отырған саяси үдеріс және кез-келген қантөгісті біржолата ауыздықтайды деп олар үміт білдіріп отырған саяси жетекшілік арқылы жүзеге асатын болады. Елде қазіргідей саяси ахуал қалыптасып отырғанда сіздер қарап отыра алмайсыздар. Мұндай саяси ахуал зор қантөгіске жеткізуі мүмкін”, - деді Райс ханым.

Бұл мәлімдемені ол Бағдатта бүгін болған баспасөз мәслихатында айтты. Британия сыртқы істер министрі Жак Стро екеуі аталған сапарының екінші күнінде осы баспасөз мәслихатын өткізді. Ирақтықтар мықты өкімет басшысын таңдауы тиіс, деді қос қонақ министр. Олар Ирақ президенті Жалал Талабани және басқа да саяси өкілдермен кездесті.
XS
SM
MD
LG