Accessibility links

Беларус оппозиция лидері Александр Милинкевич осы аптада Еуропа Парламентінде сөз сөйлейді


Онда ол наурыз айында Беларусте өткен президент сайлауының қорытындысы туралы айтпақшы. Президент Александр Лукашенко 83-процент дауысқа ие болып, президенттікке қайта сайланған болатын. Милинкевичтің айтуынша, сайлау әділ өтпеген. Еуропалық Одақ пен Америка Құрама Штаттары Милинкевичтің мәлімдемесін қолдайды. Кеше Милинкевич ресми өкілдермен кездесу үшін Австрияға барған болатын. Австрия - қазіргі кезде Еуропа одағына төрағалық етуде.
XS
SM
MD
LG