Accessibility links

АҚШ-тың Қазылар алқасы Закарияс Муссауиге өлім жазасын беру керек деп шешті


АҚШ-тың федералды қазылар алқасы дүйсенбі күні Закарияс Муссауиге үкім шығарған кезде оған өлім жазасын беруге болады деген шешім шығарды. Муссауи 11-ші қыркүйекте Нью Йорк пен Уашингтонға болған шабуылдарға қатысты сотқа тартылған жалғыз адам. Оның сотының алдында Мороккодан шыққан франциялық азамат, бұл Закарияс Муссауидің АҚШ-тың қалаларына ұшақпен шабуыл жасайтыны туралы алдын ала білгенін ол жайындағы ақпаратты зерттеушілерден жасырғанын айтқан.

2001 жылдың 11-ші қыркүйегінде Муссауи АҚШ-тың абақтысында болған. Ол сол шабуылдардан ертерек үш апта бұрын иммиграциялық тәртіпті бұзды деген айыппен ұсталған. Айыптаушылар ол шабуылдарға қатыспаса да өлім жазасын алуы керек, өйткені Муссауи 3 мың адамның өліміне әкелген Дүниежүзілік сауда орталығы мен Пентагонға ұшақпен шабуыл болатын туралы жоспарды біле тұра айтпағаны үшін айыпты дегенді алға тартады.

Дүйсенбі күні Құрама Штаттардың Вирджиния штатындағы Александрия федералды қазылар алқасы осындай шешімге келді. АҚШ-тың аймақтық соттағы ақпарат өкілі Едуард Адамс журналистерге ол шешім туралы былай деген:

“Бұл үкімге сәйкес, қазылар алқасы бұл жағдайда өлім жазасына кесілуі керек деп тапты”.

Қазылар алқасы Муссауди өлім жазасына кесуге болады, өйткені оның 11–ші қыркүйекке тікелей қатысы бар дегенді алға тартады. Муссауи болса, сол үкім туралы естіген кезде, сотқа қарғыс айтып, сендер менің қанымды ешқашан ала алмайсыңдар, құдайдан садаға кетіңдер деп айқайлаған.

Оның сотының алдында егер Муссауи абақтыға қамалмаған болса, ол әл Қаида жетекшісі Осама бин Ладеннің тапсырысымен алдын ала жоспарланғандай, 5-ші ұшақты Ақ үйге барып жармақшы болған деген айып таққан.

Енді сот процесі тоғыз ер адам үш әйел адамнан тұратын қазылар алқасының Муссауиді өлім жазасына кесу керек деген үкімімен жалғасатын болады.

Бұл жерде туындап отырған жалғыз мәселе - Муссауи шынымен ол жағдайларға куә ме, дегенге тіреліп отыр.

Британдық Крэнфиелд Университетінен Крис Белламидің айтуынша, Муссауидің сотқа өзінің бин Ладенмен байланысы бар екені жөнінде дәлелі бар, ал оның қаншалықты шындық екені күмәнді жағдайда қалып отыр дейді.

“Бұл - олқылық, өйткені, бин Ладеннің бар болуы және оның қайда екені әрдайым көлеңкеде қалып келген. Сондықтан, іс жүзінде біреудің сотта, иә, мен одан тікелей нұсақау алдым дегені әдеттегіден тыс жағдай. Оның шын немесе өтірік екенін мен білмеймін”- дейді ол.

Тура осы мәселені Швециядағы Ұлттық қорғаныс колледжінің терроризм мәселелері жөніндегі сарапшысы Магнус Рэнсторп көтеріп, Муссауидің оған қатысы бар екеніне күмән келтірген.

“Менің сенімсіз болатыным, қандай бір бейнеге ол жерде бір мәселе болмаса да сіз сондай қабылдау енгізесіз. Сіз онда өлім жазасына кесу мүмкіндігін азайтатын бір мәселені көре аласыз. Неге оны басқа біреу мойындамасқа?”, - деген сарапшы Рэнсторп.

Бұл жерде азапталушы болу немесе ақыл есінің кем болуы сияқты екі түрлі жағдайдағы мүмкіндіктер жазадан босатуы мүмкін. Сарапшы Беллами болса, ол дәлелдерге қарамастан, Муссауидің соты терророизм істеріне байланысты ашық тергеулер болу керектігін әрі Гуантанамодағы Американың түрмесінің жабылу керектігін және ондағы тұтқындардың азаматтық сотта жауапқа тартылуын дәлелдеп көрсетті дегенді айтады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG