Accessibility links

Хамас үкіметі қаржылық қыспақта қалып отыр


Палестина үкіметінің жаңа басшысы Исмаил Ханияның сәрсенбі күні айтуынша, Хамас үкіметі қаржы дағдарысына кезігіп, бұл айда он мыңдаған жұмысшының еңбек ақысын төлей алмайтындай жағдайға тап болды. Сәрсенбі күнгі кабинет мәжілісінде, бас министр, Палестина - банкротты жағдайда, сондықтан араб елдерінен көмек қажет деді. Ал, Еуропа одағының сыртқы істер бойынша комиссионері Ферреро-Валднердің айтуынша, Хамас үкіметі зорлық-зомбылық әрекетін жалғастырып, Израилді мойындамайтын болса, онда ЕуроОдақтан ешқандай қолдау көмегі болмайды.
XS
SM
MD
LG