Айдың күні аманда Алматының іргесіндегі Шаңырақ елді-мекенінің ойран-топыры шығып жатыр. Бұл ауылдың тұрғындары бейсенбі күні таң атпай құндақтаулы сәбиін көтеріп, балаларын жетектіп жол жиегіне жиналды. Себебі, көкектің 5-і күні Әуезов ауданының сот орындаушылары келіп осы ауылдағы тұрғындардың бірі -Қорлан Дауылбаеваның үйін шаңырағын ортасына түсіріп қиратып кеткен. Оқиға орнына барғанымызда алты баласымен бір сәтте далада қалған Қорлан Дауылбаеваға ауылдастары қолдарынан келген көмектерін беріп, оның кеше құлатылған үйін түнімен қайта қалап, құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатыр екен.
“Өзімізше ел болып, үй салып түтін түтетіп едік. Кеше келіп қиратып кетті. Содан түнімен құлаған үйді қайта көтеріп, төбесін жауып осы үйге иесін қайта кіргізіп жатырмыз. Біздің жағдайымыз міне, осы. Егер сот орындаушылары қайта келіп тұрғызған үйімізді құлатып кететін болса қайта тұрғызамыз. Оған біздің ешнәрсеміз кетпейді. Қалалық әкімшілік осы қаланың шетінен ұлтарақтай жер бермесе біз ешқайда кетпейміз. Осылайша күн көруге мәжбүрміз.“Қазақтың санын көбейт, санын көбейт” дейді. Ал халықтың санын көбейткендегі істеп жатқандары мынау. Осы үйдің алты баласы бар. Үйдің иелері ешқандай жұмыс істемейді. Балаларының бәрі босып далада қалды. Түнімен далада жатып шықты”, - дейді Қуанышбай есімді тұрғын.
”Үйім қайта құлатылатын болса мен неге де болса дайынмын. Балаларымды жетектеп қалалық әкімшіліктің алдына апарып сол жерде өзімді өзім өртеймін”, дейді алты баласымен далада қалған Қорлан Дауылбаева.
Осы ауылдың тұрғыны Биғайша Ісметованы да күннің жаңбырына қарамастан наразылық шарасына алып шыққан баспана мәселесі екен. Ол: “Үйімді заңсыз бұзамыз деп жатыр. Турасын айтқанда өлуге бармын, бірақ үйімді бұзғызбаймын. Соншама қиыншылықпен салдым. Енді бәрі салынып біткенде неге бұзғызамын?” дейді.
Кезінде аты-жөндері белгісіз алаяқтарға алданып, бүгінде үйі тұрған жерінен айырылып жатқан тұрғындар қалай болғанда биліктің бір күнде далада қалдырғаны адамгершілікке жат, дейді. Алайда, олардың талап-тілектерін естиік деген ресми орын басшылары болмады. Қоғамдық тәртіпті қадағалаймыз дейтін полиция қызметкерлері де ол жерде төбе көрсеткен жоқ.
Ал “Жер Ана” қоғамдық бірлестігі мен Жалпы ұлттық патриоттар қозғалысының жетекшілері орын алған оқиғаны бейбіт шешуді талап етіп қалалық әкімшілікке арнайы хат жолдады.
Жалпы ұлттық патриоттар қозғалысының белсендісі Қуаныш Мұқтай: “Бұл мәселенің саяси астары өте үлкен. Кеше быт-шыт етіп қиратып тастап еді. Бүгін сол үйді халық қайта тұрғызды. Халық рухының биік екендігін көрсетті. Ал енді сондай халықты жеңемін, жер етемін деп отырған билікке не айтуға болады? Бұл билік ешқашанда өз ойлағанына жете алмайды. Сондықтан билік халықпен санасуы керек”, деген пікірін жеткізді.
“Билік халықпен бейбіт келісімге келіп мәселені шешпейді екен. Халық көтеріледі қолына қару алады. Дәл қазір осы тұрған халықтың қолдарында бір-бір бөтелке бензин. Қиратуға қазір келсе күтіп алуға дайын. Сондықтан әкім халықтан үлкен емес”, дейді “Жер Ана” қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Сәлім Оразалинов.
Осылайша шаңырақтықтар баспаналары қиратылған ауылдастарына қолдарынан келген көмектерін беріп асарлатып қираған үйлерді қайта көтеріп жатыр.