Accessibility links

Қазақстандық кәсіпкерлер мүлікті тіркеу мекемелерінің жұмысына сын айтады


Кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің жалпы ұлттық одағы мүлікті тіркеу органдарының рәсімдеу қызметтерінің бірсыпырасын жеке меншікке беру керек деген ұсыныс жасады. Бұл туралы Астанада көкектің 7 күні әділет министрлігіндегі министрмен өткен кездесуде одақ төрағасы Серік Ахметов хабарлады. Оның айтуынша, қазіргі жағдай жемқорлық жүйесінің қалыптасуына әкеп соққан. Бас прокуратура өткізген тексеру көрсеткендей, Әділет министрлігіндегі шенеуніктердің жемқорлығына қатысты 2005 жылы 29 қылмысты іс қозғалған.

Кәсіпкерлердің айтуынша кез келген істі бастау үшін бірінші кезекте жылжымайтын мүлік немесе жер телімі қажет болады. Дамыған елдерде бұл жақсы жолға қойылған, ал, Қазақстанда әліде көптеген кедергілер бар, дейді кәсіпкерлер. Астана тұрғыны кәсіпкер Ербол Өмірәлиев осы кемшіліктердің бірнешеуін атап өтті:

- Бағасы қымбат, сосын құжаттарды қарастыру заң бойынша 5 күн болса мерзімі ол деген тіпті 3 ай бір жылға дейін созылады. Менің таныстарым бар олар өздеріде жер құжаттарын рәсімдеу үшін бір жыл күтіп жүр. Ол дұрыс емес, сол, содан кейін орталық қызметкерлерінің деңгейі үлкен емес.

Кәсіпкерлермен жұмыс берушілердің жалпы ұлттық одағының төрағасы Серік Ахметовтың айтуынша осы олқылықтарды шешу үшін, мүлікті тіркеу органдарының рәсімдеу қызметтерінің бірсыпырасын жеке меншікке беру керек. Сонда біз президент Назарбаев айтқандай әкімшілік үйлестіруден сервистік қызмет атқару жүйесіне көшеміз, дейді ол.

Әділет министрлігі бұл ұсынысқа қарсы емес екендіктерін білдірді және өз органдарының айыпты екендіктерін мойындады. Әділет министрінің орынбасары Дулат Құсдәулетовтың айтуынша, қозғалмайтын мүлікті тіркеу орталықтарында жемқорлық дамитын себептер жоқ емес, бірақ, онымен күресіп келеміз, дейді ол:

- 5 күн ішінде жылжымайтын мүлікті тіркеу керек, бірақ, көптеген азаматтардың бизнес өкілдерінің талабы 1 күн ішінде жасалса дейді. Біз тәжірибе ретінде орталықтарға бұйрық жібердік, қанша уақыт кететенідігін қараңдар деп. Қазір орталықтар баяндап жатыр, бір күн ішінде құжат дайындауға мүмкіншіліктер бар.

Кәсіпкерлермен жұмыс берушілердің жалпы ұлттық одағының төрағасы Серік Ахметовтың айтуынша мүлікті тіркеу органдары рәсімдеу уақытын созып жібереді. Заң бойынша мүлікті тіркеуге 5 күн берілсе іс жүзінде бұл үрдіс 3 айдан бастап бір жылға дейін созылып кетеді. Ал, рәсімдеуге қажет ақпарат толық бермейді, оның сыртында рәсімдеуге көп қаражат сұралады, көп жағдайда осы мақсатқа сұралатын төлем салықтанда жоғары болып кетеді. Осының бәрі жемқорлық жүйесінің қалыптасуына әкеп соғады, дейді Серік Ахметов. Ал, Қарағанды облыстық әділет департаментінің бастығы Бақыт Әбішевтің айтуынша кей жағдайда кәсіпкерлердің немесе қарапайым азаматтардың өздерінен кемшіліктер болып тұрады:

- Қоғамда әр түрлі адамдар барғой. Біреулері құжаттарын дұрыс алып келеді, біреулердің бір құжаты дұрыс болмай қалады. Осы мәселеге байланысты әңгіме туындап жатады, ол бар дүние. Енді заң талабын Қазақстанның барлық азаматы орындау керек. Егер, құжаттары оның толық болмаса, біз қалай оны мемлекеттік тіркеуден өткіземіз.

Қалай болғандада негізгі сын мүлікті тіркеу органдарына қатысты болды. Мысалы министрлік мәліметінше, бұған дейін Алматы қаласының жылжымайтын мүлік орталығы жылжымайтын мүліктерін тіркеу үшін оралмандардан заңсыз ақша алып отырған. Оның сыртында, монополияға қарсы комитетке ұсынылмаған тарифтерді бекіткен. Алайда жауапқа тартылғандар көп емес, дейді бақылаушылар. Алматы қаласының жылжымайтын мүлік орталығының директоры Қуанышбек Естаевтың айтуынша, прокуратура тексерістерінен кейін тек бір адам қызметінен босатылған:

- Қызметтен бір адамды қысқарттық, бірінші орынбасарым. Қалғандары жұмыс істеп жатыр. Өмір бақи қаралай беруге болмайды ғой. Кінә болады жұмыс істеген соң.

Ал, министрлік басшылығы мүлікті тіркеу органдарындағы кезектерді азайтып, жемқорлыққа жол бермеудің амалын таптық дейді. Қарағанды облыстық әділет департаментінің бастығы Бақыт Әбішевтің айтуынша министр қозғалмайтын мүлікті тіркеу орталықтарындағы қызметкерлерді көбейтуді ұсынып отыр:

- Бұл жылжымайтын мүлік орталықтарына қатысты айтылған сөз. Олар өздері істеген жұмыстарына табыс табады. Сол табысты халыққа қызмет көрсетудің дәрежесін көтеруге байланысты бұл кісі рұқсат беріп отыр қосымша жұмыс орындарын ашуға. Кезек деген болмау керек және осы мәселе сыбайластық жемқорлық мәселесін төмендетеді деп күтілуде.

Бірақ, бұл ұсынысытарды енгізу үшін заңдарға өзгерістер енгізу керек. Ал, оған уақыт қажет, дейді бақылаушылар.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG