Санкт-Петербор қалалық прокуратурасы Сенегал азаматын өлтіру қылмысы нәсілшілдік себептен жасалды деп сипаттама айтты. Қала прокуроры Сергей Зайцев кісі өлтіру қылмысы ұлттық және нәсілшілдік араздық негізінде жасалды деп отырмыз, жорамалды әлі дәлелдеуіміз керек, дегенмен тергеу алдына осындай жоғары талап қойдық дейді. 28-жасар Ламзар Самба деген студент бүгін аң ататын мылтықтың оғына ілініп қаза тапты.