Accessibility links

Бүгін Солтүстік Кореяның қорғаныс министрі басым бағытты әскери соққы беру - АҚШ-тың монополиясы емес деп ескертті


Ким Ил Чолдың бұл ескертеуін ресми ақпарат агенттіктері жариялады. Оның айтуынша, Солтүстік Корея Құрама Штаттар келіп шабуыл жасағанша, қол қусырып қарап отырмайды. Бұл мәлімдеме Солтүстік Кореяның ядролық қару жөніндегі өкілі Жапонияда өтіп жатқан қауіпсіздік конференциясына қатысып жатқан тұста болып отыр. Онда Құрама Штаттар, Жапония, Қытай, Оңтүстік Корея және Ресей өкілдерінің кездесуі өтіп жатқан. Пхеньянға өзінің ядролық қару бағдарламасын тоқтатып, оның онына диломатиялық байланыстарды жақсарту жөнінде қысым жасалып келеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG