Accessibility links

Иран ядролық бағдарламамыздан бас тарпаймыз деп отыр


АҚШ пен оның одақтастары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі арқылы Теһранды уранды байыту ісінен бас тартқыздыра аламыз деп ойлайтын болса, олар қателеседі деді Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі. Хамид Реза Асефидің айтуынша, Иран бейбіт мақсатта дамытып жатқан ядролық бағдарламасынан бас тартпайды. Ал бүгін, Атом энергиясы бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігінің инспекторлары Иранда өз жұмыстарын бастайды. Олар Исфаһан мен Натанцтағы ядролық нысандарды аралайды деп жоспарланған. Ал МАГАТЭ басшысы Мохамед Әл-Барадей Иранның ресми өкілдерімен келіссөз өткізу үшін Теһранға сейсенбі немесе сәрсенбі күні келеді. АҚШ-ы Иран жасырын түрде ядролық қару жасамақшы дейді, бірақ бұл айыптауларды Теһран жоққа шығарып отыр. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Иран уранды байыту ісін осы айдың соңына дейін доғартсын деген талап қойды.
XS
SM
MD
LG