Жаңа қызметіне кіріскеніне екі айдай уақыт өткенде Ричард Баучер мырза Америка Құрама Штаттары Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орта Азия бойынша көмекшісі ретінде аймақпен танысу сапарын бастап кеткен болатын. Бұл жолғы Бішкектегі баспасөз мәслихатында Баучер мырза Қырғызстанда, өткен жылдың наурыз айында болған биліктің ауысуынан бергі аралықтағы екі ел арасындағы қарым-қатынастарға тоқталды.
“Құрама Штаттары мен Қырғыз байланыстары- жақсы арнада. Және біз бірлесіп, табысты жұмыс істеудеміз. Біз аймақтағы қауіпсіздік мәселесінде, оның ішінде әуе базасы да бар, әріптестікті жалғастырудамыз. Біз экономикалық әріптестік қатарында Қырғыз экономикасын дамыту бағытында көмектер көрсетудеміз. Сондай-ақ Қырғызстан қоғамындағы оң өзгеріс-мүмкіндіктерді өзге елдерге де, мысалы үшін оңтүстікке, тарату үшін жаңа идеялар мен мүмкіндіктерді де қарастырудамыз”, - деді Баучер мырза.
Баучер мырзаның сөзіне қарағанда АҚШ-тың Қырғызстанға көмегі тек қауіпсіздік және экономикалық салалармен ғана шектеліп отырған жоқ. Сондай-ақ елдегі жаңа биліктің демократиялық үдерістерді алға апару ісінде де көмектерін аямауда.
“Біз сондай-ақ саяси үдерістер мен демократиялық реформалар бағытында да жұмыс істеудеміз. Қырғызстанда бұқаралық ақпарат бұлақтарына кең жол ашылған, мұнда мықты азаматтық қоғам қалыптасқан. Тағы басқа да істер тындырылуда. Атқарылатын істер, әрине, мол. Сондықтан да біз Конституция мен заңдық салаларға реформалар жасауда және сыбайласқан жемқорлыққа қарсы күресте ел өкіметімен бірлікте жұмыс істеуге тырысудамыз. Мен білемін, кейбір салалар бойынша қынжылыстар орын алған. Азаматтардың ойынша, өзгерістер ойлағандағыдай тез арада жүзеге асып жатқан жоқ. Менің пікірімше, біз сондай мәселелерді шешу бағытындамыз”, - деді Баучер мырза.
Осы баспасөз мәслихаты барысында АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі сонымен бірге АҚШ пен Өзбекстан арасында қалыптасып отырған жағдайға да тоқталып өтті. Өзбек өкіметінің өз республикасында талай ұйымдарды жауып тастағандығын, оның ішінде Құрама Штаттармен бірлікте жұмыс істеген ұйымдардың жұмысын тоқтатқызғандығын айтып өтті.
Өзбекстандағы талантты балаларды шетелдерде жеңілдікпен оқыту үшін үміткерлерді сараптаумен айналысқан ұйымдарды да жауып тастағандығын еске салды. Өзбек өкіметі өз саясатын өзгертпейінше бұл ел мен Америка арасындағы байланыстар жақсармайды, дей келіп Әндіжан оқиғаларынан кейінгі босқындар халіне де тоқталып өтті. Қырғызстаннан кейін Ричард Баучер өз сапарын Қазақстанға қарай жалғастырмақшы.