Пәкістанның Карачиде қаласында сейсенбі күні бомба жарылысы болып, 40-тан аса адам қаза болды. Бірнешеуі жараланды. Бұл жарылыс сүннит мұсылмандарының діни мерекесін ұйымдастыру үшін жиналған қоғамдық саябақта орын алды. Ресми өкілдер бұл шабуылды жанкешті жасаған болуы мүмкін деп отыр. Бұл жарылыстан кейін халық ашуланып көшеге шыққан. Бұл шабуылға жауапкершілікті әлі ешкім алған жоқ. Пәкістан президенті Первез Мушараф пен премьер министр Шаухат Азиз бұл шабуылды қатты сынап, мешіттерде қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мемлекет және медиа
Соғыс мемлекеттік БАҚ үшін неліктен жабық тақырыпқа айналды?