Accessibility links

Палестина үкіметін тағы басқа шектеулер күтіп тұр


БҰҰ Палестинаның Хамас жетекшілік ететін үкіметімен байланыстарды шектеуді жоспарлап отыр. БҰҰ-ның бас хатшысы Кофи Аннанның өкілі айтқанындай, саяси байланыстар жағдай-маңызына қарай анықталуы мүмкін. Ал, палестиналықтарға қайырымдылық көмек бағдарламасы жоспар бойынша жүзеге асады. Өткен аптада, АҚШ пен Еуро Одақ та Хамас тобының ұстанымына байланысты Палестина үкіметіне тікелей қаржылай көмегін тоқтатқан болатын. Халықаралық қауымдастық билікке келген Хамасты Израйлды мойындап, қақтығыстан бас тартуын талап еткен болатын.
XS
SM
MD
LG