Италияның солшыл одақ жетекшісі Романо Проди парламенттік сайлау қортындысын қайта санаудан қорықпайтынын айтты. Ол премьер министрі Сильвио Берлусконидің дауыстарды қайта санау қажет деген талабына қарамастан, өзінің сайлауда жеңіске жеткеніне сенімді екенін айтып отыр. Ал, Берлускони өзінің жеңілісін мойындамай, дауыс берулерде заңсыздықтар болды деп, сайлау қорытындысын қайта қарауды талап етті. Проди басқа одақтас партиялармен үкіметті жасақтау жөнінде кеңес өткізуді бастағанын мәлімдеді.