Accessibility links

МАГАТЭ басшысы Иранды уран байытуды тоқтатуға шақырды


Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік басшысы Мохаммед ел Барадей Иранды уран байыту әрекетін тоқтатуға көндіру үшін Техранға келді. Ол “дәл қазіргі уақыт, халықаралық келіссөздерге оралып, Иран мен халықаралық қауымдастық арасындағы саяси мәселені шешетін кез” деп айтты. Ал, АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Иранның уран байытқаны жөніндегі хабары халықаралық қауымдастықтың “қатаң шешімдер” жасауына жол ашады деп мәлімдеді.

“Қазіргі шақта Иран режимінің кешегі мәлімдемесі Иранды келешекте оқшауландыруға әкелетін қадам болып отыр. Бұл Иранның халықаралық қауымдастықтың талаптарын орындамайтынын көрсетіп отыр”, - деді Райс ханым.

Техранның уран байытуға кіріскені жайлы мәлімдемесінен кейін, Қытай мен Ресей елдері де Иранды сынға алды. БҰҰ-ның бас хатшысы Кофи Аннан ел жетекшілерін бұл мәлімдемеге пікір білдіргенде ұстамдырақ болуға шақырды. Оның атап көрсетуінше, Иран соңғы мәлімдемесінде уран байытуды бейбіт мақсатта жүзеге асырып жатқанын қайталады.
XS
SM
MD
LG