Accessibility links

АҚШ Иранға қарсы санкция енгізу мәселесін көтеріп отыр


АҚШ мемлекеттік департаменті, Иранның уран байыту арқылы ядролық алып елге айналдық деген мәлімдемесіне жауап ретінде, Құрама Штаттар өз одақтастарынан Иранға қарсы санкция енгізу мәселесін қарастыруды сұрайтын болады деп мәлімдеді. Оның ішінде, Иран ресмилерінің ел аралау мүмкіндігін шектеп, шетелдегі активтерін тоқтату сияқты санкцияларды қарастыру сөз болып отыр. АҚШ департаментінің өкілі Шон Мак Кормактың айтуынша, АҚШ ресмилері Иранға қарсы болуы мүмкін БҰҰ-ның шаралары туралы сәуірдің 18-де, Мәскеуде Қытай, Ресей, Еуропалық және басқа да елдердің қатысуымен өтетін келіссөздер барысында талқыланатын болады. Сонымен қатар. Шон МакКормак Иран президенті Махмуд Ахмединежедтің жұма күнгі мәлімдемесін де сынға алды.

“Бұл Иран президентінің көбірек ерсі риторикасы болды. Ол көпірме сөз менің пікірімше, халықаралық қауымдастықтың Иранның ядролық қаруына қатысты алаңдаушылығы мен күдігін күшейтті”, - деді Шон МакКормак.

Иран ядролық қару өндіріп жатыр деген айыптарды мойындамай, өзінің ядролық бағдарламасы тек бейбіт мақсаттарға арналған деп отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG