Бірақ министр Рамсфельдтке ондай сындардың айтылып келе жатқандығына бірнеше жыл болып қалды. Әсіресе, Ирақта АҚШ өз одақтастарымен соғыс бастағалы бері Д.Рамсфельд сын шабуылының астында қалды. Міне енді ондай қатты сындар қорғаныс министрінің өз әріптестері, бұрынғы қолбасшы генералдардан да келіп түсе бастады.
Соңғы апталардың өзінде Ақ үйге құрметті демалыстағы алты генералдан, Рамсфельд қызметтен кетсін деген талап хат келіп түскен. Олардың арасында Ирақтағы соғыста 1-жаяу әскер дивизиясын басқарған генерал-майор Джон Батисте де бар.
– Ең дұрыс шешім - министр Рамсфельд қызметінен кетуі керек. Пентагонға жаңашыл, таза қанды басшы қажет. АҚШ армиясына ұжымдық жұмысты жақсы білетін азаматтық сала өкілі керек, - дейді генерал Батисте.
Зейнеттегі генералдар Рамсфельд өзгелердің әскери соғыс саласындағы кеңесімен, көзқарасымен санаспайды дейді. Олардың пікірінше, Рамсфельд Ирақ соғысына жеткілікті әскери күш кіргізбеген. Үш жылдық басқыншылық соғысынан кейінгі жоспары үмітті ақтамады дейді.
Ал министр Коллин Пауеллдің кезінде, 2001-2004 жылдары армия полковнигі қызметінде болған Ларри Уилкерсон болса:
– Рамсфельд бұрынғы қорғаныс министрі, қазіргі вице-президент, Ақ үйлік құдірет Чейнидің де қолдауымен барлық билік күшіне ие болып алған. Ал сол Чейни сыртқы саясатта Бушты әскери күштерді пайдалануға көндірген тұлға, - дейді.
Өзіне байланысты айтылып келе жатқан ащы сындарға орай Рамсфельд арабтардың әл-Арабия теледидарына берген бір сұхбатында ондай пікірмен келіспейтіндігін жеткізді.
– Мен президенттің қалауы бойынша қызмет ете беремін. Ал демалысқа шыққан екі-үш генерал айтқан түрлі пікірге мен құрметпен қараймын. Ал егер мыңдаған адмирал мен генералдан екі-үшеуі келіспей қарсы болып, АҚШ қорғаныс министрін ауыстыра берсе не болмақ ? - деді Д.Рамсфельд.
Дегенмен, Рамсфельдтің мұндай бет бақтырмай, өз күшіне сене, шірене айтуына, әрине, президент Буштың оны аялап, қолдауы себепші болып тұрған секілді.
- Мен Рамсфельдті жігерлі, қайратты, қатаңқол жетекші деп білемін. Қазіргі сыни қиын-қыстау, күрделі кезеңде халықаралық лаңкестіпен күрес және қарулы күштерді реформалау кезінде, бізге міне осындай қорғаныс министрі керек, - деді Дж.Буш.
Ал президент Буштың өз министріне деген көңіл-күйін Ақ үйлік өкіл МкКлеллан былайша жеткізді:
- Президент, АҚШ тарихындағы бұл ерекше кезеңде Д.Рамсфельдтің өз жұмысын тамаша орындап жатқанына кәміл сенеді. Бұл министр Ауған, Ирақ соғысы кезінде 50 млн-дай адамның диктаторлық режімінен бостандыққа шығуына себепші болды, - дейді Ақ үй өкілі.
Дегенмен, американдық ондаған генералдың Рамсфельдт және АҚШ ресмилерінің қазіргі саясаты жөніндегі пікірлері өзгешелеу болып отыр.