Accessibility links

Иранға байланысты АҚШ сенаторы АҚШ президентіне қарсы мәлімдеме жасады


ВАШИНГТОН. АҚШ-тың белгілі сенаторы Ричард Лугар Иранмен оның ядролық бағдарламасы бойынша тікелей келіссөз жүргізу керек деген пікір айтты. Сенатордың пікірінше, Теһранға қарсы жаза қолдану мүмкіндігін талқылаудан бұрын, оның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі дағдарысты дипломатия жолымен шешу амалын жалғастыра беруге тиіс. Республикалық партияның жетекші мүшесі болып табылатын сенатор Ричард Лугардың бұл мәлімдемесі – Теһранмен тікелей келіссөз жүргізуге қарсы АҚШ президенті Дж.Буштың саясатына қарама-қайшы келеді.
XS
SM
MD
LG