Accessibility links

Монаконың билеушісі ғаламдық ауа райының жылынуына ерекше алаңдайды


МОНАКО. Құрамына алақандай Монако елінің билеушісі - кінәз Альбер кіретін экспедиция Солтүстік полюске келіп жетті. Итарбаларға мінген экспедиция полюстан 100 шақырымдай қашықтыққа орналасқан Ресей бекетінен бейсенбі күні жолға шыққан болатын. Монако кінәзі Альбер бұл саяхатқа ғаламдық ауа райының жылынуына алаңдаушылық білдіру мақсатында шығып отыр. Монако билеушісінің ата-бабаларының бірі Солтүстік полюске осыдан 100 жыл бұрын аяқ басқан көрінеді.
XS
SM
MD
LG