Бүгін Бағдадта Саддам Хуссеиннің қылмыстық ісі бойынша сот процесі тағы жалғасады. Ирақтың бұрынғы диктаторы мен оның жақын 7 үзеңгілесіне 1982-нші жылы С.Хуссеинге қарсы ұйымдастырылған қастандықтан кейін Әл-Дужайыл ауылының 148 шийт-тұрғынын жаппай қырды деген айып тағылып отыр. Бүгін барлығы да сот залына келуге тиіс. Франс-Пресс агенттігінің хабарлауынша, дәл бүгін айыптаушылар С.Хуссеин мен оның 7 үзеңгілесінің Әл-Дужайыл ауылындағы қырғынға бұйрық бергенін дәлелдейтін айғақтарды ұсынуға тиіс.
Бүгін сотта С.Хуссеин мен оның 7 үзеңгілесінің Әл-Дужайыл ауылындағы қырғынға бұйрық бергенін дәлелдейтін айғақтар қаралады
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
AzattyqTV