Accessibility links

Баспасөзге шолу. 04.18.2006 жыл


Қазақстанда мерзімінен бұрын парламент сайлауы болуы мүмкін деген болжам қазақстандық бірнеше басылымда қайта көтеріледі. Егер бір саясаттанушы сайлаудың биыл болғанын жөн көрсе, екінші бір сарапшы жақында парламент жанынан құрылған қоғамдық палата парламент тарқаған жағдайда соның қызметін атқаруы мүмкін деген пікірін айтады. Сонымен бірге Қазақстанның саяси алаңында Қазақстанның демократиялық партияның атауын "Әділет" деп өзгертуі де түрлі пікірге негіз болыпты

Парламент са

йлауының келесі жылы немесе 2008-ші жылы өткенінен гөрі биыл болғаны ләзім депті саясаттанушы Ерлан Қарин «Литер» газетінің сейсенбілік санында. Себебі, «оппозиция да күш жинайды, яғни, жыл артқан сайын билік үшін оған қарсы тұру қиындай түспек». Оның сөзіне қарағанда, елде оппозиция әлсіз болғанымен, оппозициялық, сыни көңіл-күйдегі адамдар көбейгеннің үстіне көбейіп отыр. «Олар билікте де, президентшіл партиялар қатарында да бар. Ал келесі жылы немесе екі жылдан кейін саяси алаңда қандай күштердің пайда болатын кім біледі?», - дейді саяси сарапшы. Оның ойынша, мерзімінен бұрын өткізілетін парламент сайлауы саяси жүйенінің динамикалық дамуына әсер етіп, қазіргі қалыптасқан ахуалға серпін берер еді. «Ең бастысы егер партиялық тізім сақталса, кез-келген сайлау - кландар мен көлеңкелі топтардың партиялар мен қозғалыстарға айналуына жағдай жасар еді», - дейді саясаттанушы Ерлан Қарин.

«Егер парламент таратылса, оның қызметін қоғамдық палата атқарады» деп аталады «Алтын орда» газетіндегі мақала. Онда саясаттанушы Әзімбай Ғали де парламенттің мерзімінен бұрын таратылуын және ондай жағдайда оның қызметін жақында Парламент жанынан құрылған Қоғамдық палатаның атқаруын жоққа шығармайды. «Бізде ондай тәжірибе жоқ емес. Яғни, констиуциялық статусы жоқ Қазақстан халықтары ассамблеясының қандай роль атқарғанын білеміз», - дейді саяси сарапшы.

Алдағы саяси додаға Қазақстанның демократиялық партиясының «Әділет» деген атпен және бірнеше теңтөрағаның басшылығымен түскелі отырғандығын хабарлайды «Айқын» басылымы. «Қазақстанның саяси тарихында бес теңтөраға» дауы ақыры «Ақ жол» партиясын екіге бөліп жібергені белгілі. Ал бұл көрініс атауын өзгерткен «Әділет» партиясында орын алып жүрмей ме?» деген сауалын газет тілшісі партиясының жаңа теңтөрағалардың бірі Төлеген Сыдықовқа қояды. Ол өз кезегінде партияның бұрынғы төрағасы «Мақсұт Сұлтанұлы аман тұрғанда, ешқандай бөліну болмайды. Бес теңтөраға бес аймақ бойынша басқару ісін жүргізіп, жұмыстары өзара үйлестіріледі. Біздің алдымызда тұрған бірінші мәселе – сот реформасын енгізу, сыбайлсқан жемқорлықпен күресу», - деп жауап береді.

Ал «Жас алаш» газеті Мақсұт Нәрікбаевтың өз сөзін келтіреді. Онда ол: «Отан» экономикаға жүйрік, «Асар» әлеуметтік мәселелермен айналысады, ал «Әділет» сот-құқық саласына мән береді, - депті. Алайда, «көзі тірісінде берген сұқбатында Алтынбек Сәрсенбайұлының салалық партиялардың қаптап кеткенін сынға алғанын» еске түсіреді «Жас алаш» газеті. Онда өзінің саяси-қоғамдық қызметінде «Ақ жол» партиясының, кейін «Нағыз Ақ жол» партиясының теңтөрағасы қызметін атқарған Сәрсенбайұлы «әркім өз ыңғайына келетін партия ашып алуды әдетке айналдырды. Бір отбасынан екі партия шықты. Машкеевичтердің мүддесін көздейтін жеке партия бар. Ауылшаруашылығын айналсоқтап жүргендердің өз партиясын құрды. Осылай кете берсе, күні ертең әр саланың, мысалы, гинекологтардың жеке партиясы құрылуы мүмкін», - депті көзі тірісінде «Жас алаш» газетіне.

«Литер» газетінде Парламент депутаты Серік Әбдірахманов партияның жаңа атауы кездейсоқ берілген жоқ, олар қоғамда әділеттілік тапшы екендігін сезген болар. Сондықтан, партия атауының өзгеруін де дұрыс қадам деп бағалайды. Бірақ депутат, Қазақстанда лидері мен саяси бюросы бар, бірақ партия мүшелері мен сайлаушылар дауысына зәру партиялар бар екендігін, олар үшін партияның атын ауыстыру бар-жоғы көпшіліктің назарын аудару тәсілі екендігін айтады. Ал саясаттанушы Досым Сәтпаев бұрынғы Демократиялық партияны саяси дербестігі партия жетекшілігімен емес, билік арқылы анықталатын партиялар қатарына жатқызады. «Қазақстанның демократиялық партиясы – бір лидердің партиясы. Көп адамдар партия лидерін білгендіктен, партияны біледі. Барлық мәселе сонда - көптеген партиялық құрылымдар Қазақстанда тым бір адамға таңылған», дейді саястаттанушы Досым Сәтпаев.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG