Альберто Пардуччи – Орталық Италиядағы сейсмикалық тұрғыдан қауіпті қаласының бірі саналатын Перуджи университетінің жобалау профессоры. Ол – зілзалаға төтеп беретін ғимараттардың технологиялық сарапшысы. “Азаттық” Радиосына берген сұхбатында Пардуччи жер қозғала бастағанда, бірінші қабаты ашық үлкен ғимараттардың жобасы осалдығын аңғартады деп атап көрсетті. Қанша дегенмен де, деп атап көрсетті сарапшы, мұндай жобалар, бүгін, жер қозғалысы жиі болып тұратын Жапония мен Түркияда және Иранда әсіресе тұрғын үй құрылысында әлі де қолданылып келеді.
«Бағаналарды айтпағанда, бірінші қабат ашық. Одан жоғарыда терезесі және тағы басқасы бар құрылыс. Бұл – сейсмикалық қатер бар облыстар үшін дұрыс жоба емес. Бірақ, өкініштісі, білімнің жетіспеуінен, осы облыста көбірек тұрғызу үшін осындай жоба қолданылды», - деді А.ПАРДУЧЧИ.
Соған қарамастан көпшілік жұрт бірінші қабатты гараж ретінде пайдалануда. АҚШ ғалымдарының осы аптада жарық көрген зерттеуінде сарапшылар жаңа тұрғын үйлердің көпшілігі қуатты жер сілкінісіне төтеп бере алмауы мүмкін деп ескертеді. Олардың іргетасы мен қабырғалары жеткілікті түрде бекітілмеген.
“Үлкен зілзала қашан болады?” деп аталатын осы ізденіс – жер сілкінісі тақырыбына арналған ең ірі – бұрын-соңды болмаған конференцияға қарай дайын болды. 3 күндік форум Сан-Францискода осы аптада өтеді. Ең басты назар жер сілкінісіне төтеп бере алатын ғимараттардың технологиясына аударылмақшы. Мұндай технология Сан-Франциско мен Жапонияда кең қолданыс тапқан және олардың тәжірибелері зілзала қатері төнген басқа елдер мен аймақтарға үлгі-өнеге болуы да мүмкін.
Америкалық зерттеу алдағы 25 жылда зор жер сінкінісі бола қалса, 60 пайызы аман қалатын мүмкіндігі бар Сан-Франциско үшін өте маңызды. Зерттеудің болжамы бойынша, 7.9 балдан да қуатты жер сілкінісі болса, Сан-Франциско аймағында 5 мыңға жуық халық қырылып, 150 млрд. доллардың шығынын келтіруі мүмкін. Оның авторы Чарльз Кирчердің сөзіне қарағанда, шығанақтағы құрбан болған халықтың көпшілігі іргетастары мен қабырғалары қосымша бекітілмеген немесе құрылыс қорына ілінбеген ескі ғимараттардың қирауынан қырылуы мүмкін.
«Аймақтың бағасы дәл қазір – 1,5 млрд доллар. Демек бұл – орасан зор нұқсан келтірмек», дейді Ч.КИРЧЕР.
Осы аптада сарапшылар Сан-Францискодағы ескі үйлердің қожайындарын баспаналарын дереу бекіте бастауға шақырды. Мұндай шара әр үйдің ерекшелігіне қарай 6 мыңнан 30 мың доллар шығынды қажет етеді. Оны іске асыруға Сан-Франциско тұрғындарының көпшілігінде қаражаты бар. 7 млн халқы бар шығанақ - Американың көп пайда беретін ақпаратттық технология саласының кіндігі болып табылады және елдегі жан басына шаққанда ең үлкен табыс түсіретін аймақтың бірі саналады. Алайда, Жапонияның Киото университетінде сабақ беретін америкалық сарапшы Чарльз Скоуторнның айтуына қарағанда, Сан-Францискоға төнген ең үлкен қатер – жер сілкінісі емес, зілзаладан туатын өрт көрінеді.