Accessibility links

Оңтүстік Кореяда бүгін бас министр қызметіне тұңғыш рет әйел тағайындалды


Парламент Хан Мыуң-сууктың кандидатурасын көпшілік дауыспен бекітті. Оңтүстік Корея бас министрінің өкілеттігі президенттікінен төмен, бірақ ішкі шаруаларда билігі кең. Оңтүстік Кореяның осының алдындағы бас министрі Ли Хае-чан мемлекет теміржолы компаниясында жаппай ереуіл болып жатқанда шара қолданудың орнына гольф ойнап жүрді деп қатты сыналған соң қызметінен кеткен болатын.
XS
SM
MD
LG