Accessibility links

Бақиев АҚШ үкіметі әскери база үшін 100 есе көп төлесін дейді


Қырғызстан президенті Құрманбек Бақиев АҚШ үкіметі Бишкек маңындағы "Манас" әуежайындағы базаны пайдаланғаны үшін көбірек ақша төлемесе келісімді тоқтатамыз деді. Құрманбек Бақиев бүгін ұлттық телекомпанияға сұхбат беріп, 1 маусымға таман мәселе шешілмесе, 2001 жылы жасалған келісімді бұзуға құқылы боламыз деді. Ақпан айындағы бір сөзінде президенті Бақиев Америка Құрама Штаттары "Манас" әуежайындағы база үшін жылына екі миллион доллар төлейді, бұл аз, 200 миллион доллар төленгенін қалаймыз деген.
XS
SM
MD
LG