Қытай президенті Ху Жинтао 4-күндік сапармен АҚШ-қа келді. Ху Жинтаоның сапары барысында Бейжің мен Уашингтон арасындағы экономикалық ынтымақтастық мәселесі және тағы басқа сауалдар қаралады. Бүгін Сиэтл қаласында Қытай президенті әлемдегі ең бай кісі “Майкрософт” компаниясының төрағасы Билл Гейтспен кездеседі. Ал бейсенбі күні ол Уашингтонда президент Джордж Бушпен келіссөз өткізеді. Екі ел президенттері Иранның даулы ядролық бағдарламасына байланысты қалыптасып отырған жағдайды да талқыламақшы.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Аида Балаева және аккредитация
Министрлікті сотқа берген журналистердің уәжі қандай?