БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің бес тұрақты мүше елдері мен Германия өкілдері Иранның даулы ядролық бағдарламасына қатысты бұл елге санкция салу мүмкіндігін қарастырды деді. Бірақ бұл мәселеге орай алты ел бір келісімге келмеді. АҚШ, Британия, Франция, Қытай, Ресей және Германия өкілдері Мәскеуде кездесіп Иран мәселесін талқылаған болатын. Қауіпсіздік Кеңесі Ираннан уран байыту ісін сәуірдің 28-не дейін тоқтатуын сұрады. Бірақ Иран болса ядролық бағдарламамызды бейбіт түрде дамытып жатырмыз, сондықтан оны тоқтатпаймыз деп отыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Бір қадам алға, екі адым кейін
Kaspi.kz ақша аударымына салық салу. Билік ескі мәселені қайта көтерді
-
Ақорданың сөзі мен ісі
"Бәрін Назарбаев шешіп отыр". Белсенділер Тоқаевтың саяси реформасына сенбейді
AzattyqTV