Мысыр президенті Хосни Мубарак пен Франция президенті Жак Ширак Иранның даулы ядролық бағдарламасы төңірегінде қалыптасып отырған мәселені күш қолдану арқылы емес, диалог арқылы шешу керек деп мәлімдеді. Ал АҚШ дипломаты Николас Бернс БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелерінің көбі Иранның ядролық бағдарламасына орай оған қарсы санкция қолдану мүмкіндігін қолдайды деді. Бұл туралы ол Иран мәселесіне байланысты Мәскеуде өткен келіссөзден кейін айтты. Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелерінің арасында Ресей мен Қытай қазіргі уақытта Иранға қарсы санкция енгізу шарасына қарсылық білдірді. Иранның ядролық мәселелері бойынша бас өкілі Әли Ларижани Британия, Франция және Германия ресмилерімен келіссөз өткізу үшін Ресейге барды. Бұл кездесуден кейін Британия өкілі “Иранның позициясы өзгермеді” деп мәлімдеді. АҚШ-ы Иран жасырын түрде ядролық қару жасамақшы дейді, бірақ бұл айыптауларды ресми Теһран жоққа шығарып отыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Азаматтық қоғамға – Алашорданың мүлкін қайтару. Төртеудің хаты