Accessibility links

Буш Ирақ саясаткерлерін тезарада үкімет құруға шақырды


Бүгін Ирақ парламенті отырысын өткізеді. Ал ұлттық үкімет құруға байланысты мәселе елде әлі шешілмеді. Күрдтер мен сунниттер партиялары қазіргі премьер-министр Ибрахим әл-Жафаридің осы қызметте одан әрі қала беруіне қарсы. Олар елдегі сектанттық негіздегі қақатығыстарға әл-Жафари айыпты дейді. Ал шииттер премьер-министрлікке әл-Жафаридің кандидатурасын ұсынды. АҚШ президенті Джордж Буш Ирақ саясаткерлерін мүмкіндігінше тезірек үкімет құруға шақырды. Ирақ пен Ауғанстанға барып келген мемлекеттік губернаторлармен кездесуінен кейін Буш былай деді:

“Ауғанстан мен Ирақтағы мақсатымыз жеңіске жету. Бұл елдерде демократия болса және олар өздерін қорғай алатын болса, жеңіске жетеміз”.
XS
SM
MD
LG