Accessibility links

АҚШ Манас әуе базасында ұзағырақ қалуды қарастыруда


АҚШ-тың Бішкектегі елшілігі мәлімдегендей, Құрама Штаттар Қырғызстандағы Манас әуебазасын ұзақ мерзімге пайдалану жөніндегі келіссөздерге қол жеткізуді қарастырып жатыр. Елшіліктің өкілі Азамат Абабәкіровтың айтуынша, бұл екі елдің қауіпсіздік мәселесіндегі ынтымақтастығын жалғастыру үшін тиімді болмақ.

“Біз Қырғыз үкіметімен Манас әуежайын ұзағырақ жалға алу жөніндегі біздің келісімдеріміз тезірек бір ұйғарымға келеді деген ойдамыз. Қырғызстан елі әуебазаны төрт жылдай уақытқа беріп, Ауғаныстандағы соғыс пен терроризммен күреске әрі аймақтық қауіпсіздікке маңызды үлесін қосты. Бұл ынтымақтастықты жалғастырып, аймақты террористерден қорғау АҚШ пен Қырғыз Республикасының ортақ мүддесі” делінген мәлімдемеде.

Бұл мәлімдеме кеше Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиевтің егер Уашингтон әуебазаны пайдаланған үшін жалдық ақыны көбейтпесе, әуе базадағы АҚШ күштерін елден шығарамыз деген соң жасалып отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG