Accessibility links

Қытай мен АҚШ президенттері Иранның ядролық мәселесіне байланысты әртүрлі бағыт ұстануда


АҚШ президенті Джордж Буш пен Қытай президенті Ху Жинтао Вашингтонда кездесіп, экономика, сауда қатынасы, Иран және тағы басқа мәселелерді талқылады. Екі ел президенттері тығызырақ ынтымақтасуға келісті. Ал Иранның даулы ядролық бағдарламасына байланысты олар әртүрлі бағыт ұстанып отыр. Джордж Буш Иранға қарсы санкция енгізілуін қолдаса, ал Ху Жинтао болса бұл мәселені тек дипломатия арқылы шешу керек дейді. Вашингтон, сондай-ақ, Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасына қатысты мәселенің шешілуіне Бейжіңнің араласуын қалайды. Осыған байланысты Ху мырза былай деп мәлімдеді:

“Бұл мәселеде қиыншылықтар бар. Қазіргі уақытта 6-жақты келіссөздер тоқтап қалды. Барлық жақтар келіссөздің қайта жалғасуына жағдай жасап, бірлесіп жұмыс істейді деп үміттенемін”. Соңғы хабарларға қарағанда, Буш мырза президент Ху Жинтаоның баспасөз-маслихаты барысында наразылық танытқан бір әйел кісінің әрекетіне байланысты кешірім сұрады.
XS
SM
MD
LG