Accessibility links

АҚШ президенті Дж.Буш Ирақтың жаңа коалициялық үкімет құруға жасаған қадамын құптап қарсы алды


Буш Калифорниядағы сапары барысында Ирақтың жаңа премьер-министрінің тағайындалғанына тарихи жағдай деген баға берді.

- Ирақ жетекшілері Ирақтың біріккен ұлттық үкіметінің басшысы турасында бір ұйғарымға келгендіктерін жариялады. Бұл келісім Ирақтағы түрлі топтар арасында бірнеше айға созылған келіссөздерден кейін уағдаластыққа қол жеткенін көрсетті. Ирақтықтардың батылдығымен жеткен мұндай келісім Американы қауіпсіздендіре түседі, - деді Буш.

АҚШ әскерилерінің айтуынша, сенбі күні Ирақта орын алған түрлі қақтығыстарда американдық бес солдат қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG