Қазақстанның шығысындағы шошқа етінің бір партиясынан “сібір топалаңы” кеселі аңғарылды. Семейдің қалалық мемлекеттік бақылау қызметі 94 келі етке әлгі кеселдің жұққанын растаған соң, жергілікті билік оны тәркілеп алды. Республиканың төтенше жағдайлар бойынша министрлігінің баспасөз-қызметінен хабарланғандай, тәркіленген ет уақытша сақтайтын қоймаға жабылған. Шошқа етінің бұл партиясы сайдауға әлі түсіп үлгермеген көрінеді.