Бүгін таңертең Ирақ астанасы - Бағдад минаатқыштан атқыланып, ұлттық қорғаныс министрлігінің іргесінде 6 адам қаза тапты. Барлығы да министрліктің қызметкерлері болатын. Оның алдында ғана Ирақ парламенті шийттердің өкілі Джауад Әл-Мәлікке 30 күннің ішінде ұлттық бірлік үкіметін жасақтау міндетін жүктеді. Оның үкімет басына отыруын сүнниттер мен күрд лидерлері де қолдап шықты. Әл-Мәлік Ирақтың қауіпсіздік күштерінің қатарына қарулы құрамаларды да қосып алуға шақырды. Сенбі күні Ирақ парламенті күрд лидері - Жалал Талабаниді тағы да президент етіп сайлады.