Accessibility links

Ауғанстанда тәліптердің қалдықтары елді қалпына келтіруге кесірін тигізуде


Бүгін Ауғанстанның оңтүстігіндегі Қандағар өлкесінде құрылыс компаниясына тасадан шабуыл жасалды. Шабуылдағандар күзетшіні өлтіріп, жол құрылысының 14 техникасын - бульдозерлер мен жүк мәшинелерін қиратып кетті. Бұл компания 40 шақырымдық тас жол салып жатқан болатын. Ауғанстанға сапармен келген британ қорғаныс министрі Джон Рид бүгін Кабулда халықаралық күштер, әсіресе елдің осы оңтүстігіндегі тәліптерге қарсы шабуылды жалғастыра беруге тиіс деп атап көрсеткен еді.
XS
SM
MD
LG