КАТМАНДУ: Бүгін Непал астанасы - Катмандуда наразылыққа шыққан халық пен полицияның қақтығысы салдарынан, резеңке оқтан кем дегенде 23 адам жарақат алды. Комендант сағатына қарамастан бүгін Катмандуда мыңдаған адам ел патшасы Гьянендраның билігін шектеуді талап етіп шеруге шықты. Жаппай наразылық 18-інші күн жалғасу үстінде. Жұма күні Гьянендра патшаның атқарушы билік құзырын 7 саяси партияға беруді ұсынуы – жаппай наразылықты тия алмады. Непал оппозициясы конституцияға патшаның құзырын шектейтін өзгерістер енгізілуін талап етуде.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Бодандық немесе аннексия тарихы. Азаттықтың эфирі неге "Елім-ай" мақамымен басталған?
-
Дәулетмұрат Тәжімұратов
"Билік өз қателері үшін жауапкершілікті белсенділерге артты". Түрмедегі қарақалпақ белсендісі
AzattyqTV