Accessibility links

Ирақтың жаңа ұлттық бірлік үкіметін жасақтауға 30 күн уақыт берілді


Бүгін Ирақтың әр түкпірінде болған қантөгістен 20-дан астам адам қаза болды. Оның ішінде Бағдад қаласы минаатқыштан атқыланып, қорғаныс министрлігінің іргесінде 6 адам құрбан тапты. Ирақ полициясы Бағдадтың 2 ауданынан 8 кісінің өлігін тапты. Бүгін Киркук мен Әл-Махмудия қалаларында да қантөгіс болды. Соңғы қантөгістер - Ирақ парламентінің шийт өкілі Джауад Әл-Мәлікке ұлттық бірлік үкіметін жасақтауды тапсыруынан кейін орын алып отыр. Жаңа үкіметті жасақтау үшін премьер-министр Әл-Мәлікке 1 ай уақыт берілді. Үкімет басына тағайындалысымен ол елдегі барлық қарулы құраманы үкіметтің қауіпсіздік күшінің құрамына алуды ұсынды.
XS
SM
MD
LG