Ауғанстанның Хелманд провинциясында орын алған ұшақ апатынан 5 адам қаза тауып, кемінде 10 кісі жараланды. Кабулдан Хелмандқа қарай бет алған ұшақтың ішінде АҚШ-тың есірткімен күрес жөніндегі мекемесінің қызметкерлері болған. Қазір апат себептері тексерілуде.