Ирақта премьер-министр болып тағайындалған Жауад әл-Малики бірлескен ұлттық үкімет құрамын деп уәде берді. Үкімет құрамына шиитер, сүнниттер және күрд өкілдері енетін болады. Бірақ бұған қарамастан елде зорлық-зомбылық әрекеттері одан әрі жалғасуда. Бағдадта орын алған бірқатар жарылыстардан кемінде 8 адам қаза тауып, 80 кісі жараланды. Ал Тикрит қаласында бүлікшілер полиция бекетіне шабуыл жасап, 4 полиция қызмектерін өлтірді. Сонымен қатар Ирақ астанасында 32 адамның мәйіттері табылды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мәдениет алаңы
Ойлануға шақыратын қазақша үш фильм
-
Мемлекет және медиа
Соғыс мемлекеттік БАҚ үшін неліктен жабық тақырыпқа айналды?