Мысырдың Дахаб қаласында үш жарылыс болды. Хабарларға қарағанда, бұл жарылыстар туристер көптеп тұратын жерде орын алған. Елдің ресми өкілдерінің хабарлауынша, жарылыс салдарынан 23 адам құрбан болып, 62 кісі жараланды, олардың арасында шетел азаматтары да бар. Президент Хосни Муборак бұл жарылыстарды “лаңкесттік шабуылдар” деп атап, оларды жүзеге асырғандар жауапқа тартылады деп мәлімдеді. Бұл шабуылдарға байланысты жауапкершілікті әзірге ешкім мойынына алмады.